Президент • 27 Қазан, 2021

Мемлекет басшысы кейбір шенеуніктердің жұмысын сынға алды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент цифрландыру ісіне жауапты вице-министрлер жұмысының нәтижелілігін сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы кейбір шенеуніктердің жұмысын сынға алды

Оның айтуынша, олардың басты міндеті – күнделікті бюрократиялық жұмыс емес, цифрлық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыру. Осыған байланысты жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр нақты KPI әзірлеуі керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бизнес-қоғамдастық атсалыспай, жалпымемлекеттік «цифрлық секіріс» жасау мүмкін емес, ал компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі олардың цифрландырылу деңгейімен анықталады.

««Siemens» компаниясының бағалауы бойынша, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызында автоматтандыру деңгейі өте төмен, яғни Индустрия 2.0 деңгейінде. Естеріңізге сала кетейін, біз Индустрия 4.0 дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл – аса ауқымды мәселе. Оның талаптарына тұжырымдамалық жағынан да, практикалық тұрғыдан да нақты әрі лайықты жауап беру керек. Цифрлық шешімдерді қолдаудың тиімді құралдарын, ең алдымен, өңдеу секторында кеңейту керек», деді Мемлекет басшысы «Digital Era Lifestyle» тақырыбында өткен дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында.