19 Ақпан, 2014

Студенттердің қуанышы

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы сәуір айынан бастап шәкіртақыны 10%-ға арттыратынын айтқанда, өзім де, ата-анам да қатты қуандық. Себебі, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасынан шыққан грант иегері үшін бұл үлкен көмек. Негізі, мектепте өте жақсы оқып, өз күшіммен қалаған жоғары оқу орнына түсіп, мұнда да жақсы оқып, мемлекет грантына ие болған студенттің бірімін. Қазіргі таңда 17500 теңге стипендия алып жүрмін. Құдайға шүкір, сол қаражатты үнемдеп, ретімен жұмсай алғандықтан, құрбыларымнан қалыспай киініп, өзге де қажеттіліктерімді толық өтеп жүрген жайым бар. Шыны керек, шәкіртақы алып жүрген студенттер сессия ке­зінде «сүрініп қалса», шәкірт­ақыларынан оңай айырылып қалатыны анық. Сондықтан да, мемлекет беріп отырған зор мүмкіндікті қолдан тайдырып алмай, жақсы оқуға ұмтылу керек. Ал ақылы білім алып жүрген жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне шәкіртақыға кенелетін жағдай бар екенін естен шығармаған абзал. Оқу үлгерімің жақсы болса, әр жыл сайын сарапқа салынатын түрлі деңгейдегі гранттарды ұтып алуға әбден болады. Қорытып айтсақ, «жақсы оқимын» деп талпынатын, ата-аналарына салмақ салуды теріс санайтын, болашақта жоғары кәсіби маман болуды армандайтын әр студентке мемлекет қолұшын беруге әркез дайын. Соның жарқын дәлелі ретінде, шәкіртақының өсетінін айтуға болады. «Жоғары үлгерімі бар студенттерді қолдаудың тиімді жүйесін құру қажет» деп санайтын Елбасымыздың үкілеген үмітін ақтауға талпынуымыз қажет. Мәдина МИЗАМОВА, Жетісу мемлекеттік университетінің студенті.  Алматы облысы.