Кәсіпқой бокс • 28 Қазан, 2021

Канелоны ауыр шайқас күтіп тұр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«The Ring» тілшісі екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін өтетін шайқас мексикалық Сауль Альвареске оңай соқпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канелоны ауыр шайқас күтіп тұр

Райан О Хара «Канело үшін бұл кездесу өте ауыр болады» деген пікірде. Тіпті ол кезекті жекпе-жекті Альварес-Головкин шайқасы секілді жеңімпазды анықтау қиынға соғатын кездесу деп бағалап отыр.

«Стиль жағынан алып қарасақ, Калеб Плантқа қарсы өтетін шайқас Альвареске өте қиын болмақ. Тіпті Головкинмен өткен екінші жекпе-жектен де ауыр соғады деп ойлаймын. Жеңімпазды анықтау да оңай болмас», деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қараша күні Лас-Вегаста ұйымдастырылатын бокс кешінің басты шайқасында мексикалық Сауль Альварес өзіне тиесілі  WBC, WBA Super, WBO белбеулерін, америкалық Калеб Плант IBF белбеуін бәске тігеді. Кездесу жеңімпазы екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанады.