Бүгінде еліміздегі футбол төрешілері оқудың барлық кезеңдерінен өтіп, ресми ойындарда VAR (video assistant referee) және AVAR (assistant VAR) ретінде жұмыс істеу үшін FIFA ұйымынан қажетті лицензияларға қол жеткізді.
Жаңа маусымда OLIMPBET-суперкубок, OLIMPBET-чемпионат және OLIMPBET-кубогының ойындарында қызмет көрсетуі тиіс барлық төрешілер үшін оқыту және лицензиялау процесі жалғасып жатыр.