19 Ақпан, 2014

Ақпараттар ағыны

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
* Алматы облысын­да 167 адам қар құрсауынан шығарылды. Қорғаныс министрлігі және «Қа­зақ­автожол» РМК күштерімен қардың астында қалған автокөліктер тазаланған жолға түсірілді. * Оңтүстік Қазақ­стан облысында келісім­шарт­пен әскери қызметке қабылдау науқаны жүріп жатыр. Үгіт-насихат пункті­не күніне жүзге жуық азамат келіп, Отанға қызмет етуге ниет білдіруде. l Алматы қаласының имамдары аттестаттаудан өтуде. лар шариғат, Ата Заң, Ислам құқығы мен сенімі, Еңбек кодексі, тарих және тағы басқа салалар бойынша сынақ тапсырып жатыр. * Ақтау қаласындағы сауда орындары  азық-түлік бағасын тұрақты ұстауға келісті. Әкімдікпен жасалған меморандумға қаладағы 20-дан астам базар мен ірі дүкен қожайындары қол қойды. * Шығыс Қазақстан облысындағы Омбы – Майқапшағай тасжолында дәрігерлік-құтқару бекеті іске қосылды. Төтенше жағдайлар министрлігі 2015 жылға дейін республикалық маңыздағы тасжолдарда осындай 40 бекетті іске қосуды жоспарлап отыр. * Ақтөбеде азық-түлік бағасын қадағалайтын арнайы топтар құрылды. Олар күніне екі мәрте қа­ладағы барлық дүкендерді аралап, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізеді. * Қызылордада алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жан­дарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтті. Онда қала бойынша 43 мекемеден 321 бос жұмыс орны ұсынылды. * Қарағандыда жас­өс­пірімдер арасында мә­нер­леп сырғанаудан ел чемпионаты басталды. Оған еліміздің түрлі өңірінен 150-ден астам спортшы қатысуда. Egemen.kz хабарлары мен облыстық әкімдіктер сайттарының материалдары бойынша дайындалды.