Президент • 28 Қазан, 2021

Президент «TotalEnergies» мұнай-газ концернінің басшыларын қабылдады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «TotalEnergies» концерні президентінің аға кеңесшісі Арно Брейякпен және «TotalEnergies» барлау және өндіру» компаниясының президенті Николя Терразбен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент «TotalEnergies» мұнай-газ концернінің басшыларын қабылдады

Президент француз кәсіпкерлеріне ілтипат білдіре отырып, Николя Терразды «TotalEnergies» барлау және өндіру» компаниясының басшысы қызметіне жаңадан тағайындалуымен құттықтады.

Кездесу барысында «TotalEnergies» компаниясының қатысуымен жаңартылатын қуат көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы екі күн электр станциясы құрылысының аяқталып, пайдалануға берілгенін атап өтті.

Арно Брейяк Мемлекет басшысына қуаты 1 ГВт болатын жел энергетикасы кешенінің құрылысы туралы меморандумға қол қойылғаны туралы, сондай-ақ концернді Қазақстанда және әлемде одан әрі дамытудың перспективалары жөнінде айтып берді.

Сонымен қатар кездесуде Қашаған және Дұнға кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесі көтерілді.