Оқиға • 28 Қазан, 2021

Пенжімдегі жаппай төбелес: тағы бір адам зардап шеккен

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Панфилов ауданының әкімі Талғат Өмірәлиев Пенжімдегі оқиғадан кейін тағы бір адам зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пенжімдегі жаппай төбелес: тағы бір адам зардап шеккен

Әкімнің айтуынша, 62 жастағы ер адам зардап шеккен.

«Жастар ауылда жүгіріп, тас лақтырған кезде, 1968 жылғы ер адамның басына тиіп, жарақат алған. Оған бардық, ауруханада жатыр, жағдайы қалыпты, дәрігерлер көмектесті», деді Талғат Өмірәлиев.

Бұған дейін 27 қазанда Алматы облысындағы Пенжім ауылының мектеп территориясында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскені хабарланды.