Бейбіт Жұқаев екінші айналымда отандасы Григорий Ломакинмен бақ сынасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 1 сағат 8 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Б.Жұқаев бәсеке барысында 10 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Бейбіт жартылай финалға шығу үшін канадалық Филипп Пеливомен матч өткізеді. Бір апта бұрын қазақстандық теннисші алғашқы айналымда осы спортшыға 1:6, 6:2, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберген. Дегенмен Бейбіт Жұқаев сол турнирде ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге жұптық сында жеңімпаз атанған еді.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев елорда додасының екінші айналымында поляк Михал Дембектен 4:6, 4:6 есебімен жеңілді.