Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Агенттік төрағасы 2013 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады және алдағы кезеңдегі жұмыстың перспективалық бағыттары жөнінде айтты.
Мемлекет басшысы негізгі мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін сенімді статистикалық деректер қажеттігін атап өтті, сондай-ақ, қайталанатын статистикалық ақпараттар жинақтауды одан әрі қысқартуға назар аударды.
– Еліміздің экономикалық дамуы үшін сенімді статистикалық деректер, атап айтқанда, еңбек өнімділігі, жұмыспен қамту деңгейі және тағы басқа көрсеткіштерді дер кезінде ұсыну аса маңызды. Осының бәрі мемлекеттік органдардың жұмысын және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті заманауи ақпараттық технологияларды мемлекеттік статистикаға одан әрі енгізіп, методикалық және методологиялық базаны жетілдіру арқылы оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев халық пен бизнес үшін ашық саясат ұстанудың, мемлекеттік статистикаға қолжетімділіктің маңыздылығына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен заңнаманың статистика бөлігіндегі негізгі ережелерді түсіндіру жұмысын одан әрі жүргізудің мәні зор екеніне де тоқталды.
Ә.Смайылов агенттік өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму рейтингісін жасап жатқанын, онда құжат айналымын азайту мақсатында есептілік көрсеткіштері екі есе қысқартылғанын айтты.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше