
67 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. Жарыстың 1\16 кезеңінде венесуэлалық Кристиан Паласиомен жұдырықтасқан Абылайхан өзінің шын мықты екенін дәлелдеп, жеңісті жұлып алды. Әлем чемпионатының 1\8 финалында ол польшалық Дамиан Дуркачпен қолғап түйістіреді.