Коронавирус • 29 Қазан, 2021

COVID-19 бен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 инфекциясынан және коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болу жағдайлары туралы мәлімет жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19 бен пневмониядан 28 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 27 қазанда COVID-19 (КВИ+) расталған 25 адам және коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониядан үш науқас қайтыс болды.

29 қазанда COVID-19-дан 48 742 адам (42 907 КВИ+ және 5 835 КВИ–) емделіп жатыр. 

Оның ішінде: 

  • Стационарларда – 8435 пациент;
  • амбулаториялық деңгейде – 40 307 пациент.

КВИ+ және КВИ- ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде – 587 пациент;
  • аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 154 пациент;
  • ӨЖЖ аппаратында-107 пациент.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1697 адам жұқтырған болса, 2141 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.