20 Ақпан, 2014

Жастар Елбасы идеясынан рух алады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысының 1-ші рес­пуб­­­ликалық слеті өтті. Жастар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясынан рух алып, Мемлекет басшысының ұсынысын қолдау үшін Жастар қозғалысын құру туралы бастама көтерді. Бұл іс-шараға еліміздің 30 жоғары оқу орнынан 700-ге жуық делегат қатысты. Қозғалыстың басты мақсаты  – теңдік пен бостандық туралы халқымыздың армандарына, ұлттық бірлік пен толеранттылыққа не­гіз­делген Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің дамуы мен  қалып­тасуына бағытталған Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси бағытын қолдау және Қазақстан жастарын ұлттық идея төңірегіне біріктіру. Слет жұмысында «Мәңгілік Ел» Жастар қозғалысының 1-ші республикалық слетіне қатысу­шылардың манифесі мен қарары қабылданды. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.