Бокс • 31 Қазан, 2021

ӘЧ: Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 кило салмақтағы үкілі үмітіміз Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘЧ: Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырды

Махмұд Сабырхан шаршы алаңда шотландиялық Мэттью Макхейлге қарсы жұдырықтасты. Рингте үш раунд бойы ойқастап жүріп өнер көрсеткен Махмұд Сабырханның бокстасу стилі көз сүйсінтті. Басымдықты уысынан шығармаған отандасымыз кездесу жеңімпазы атанып, ширек финалға жолдама алды.