«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі — жауын-шашын, екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі. Солтүстік-батыста түнгі температура -5...-15 градус аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста -10...-20 градусқа дейін, оңтүстікте -3...-13 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 градус аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше