«Нұр-Сұлтанда 2 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз бұрқасын күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, астаналықтарға ауа райының қолайсыздығы 112 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы да ескертіледі.
Бұған дейін қалалық полиция жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауға, өте сақ болуға және қозғалыс кезінде жылдамдық шегі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтауға кеңес берген болатын.