«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Мемлекеттік корпорацияның мамандары туындаған мәселені шешіп жатыр.
«Азаматтардан түсіністік білдіруін сұраймыз», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Мемлекеттік қызметтер egov.kz электрондық үкімет порталында, egov mobile қосымшасында және egovkzbot2.0 телеграм-ботында онлайн түрде қолжетімді.
«Қажет болған жағдайда клиенттер ХҚО-да орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы қызметкерлерден кеңес ала алады. Мемлекеттік корпорация келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ таратқан хабарламада.