20 Ақпан, 2014

Әлемдік тәжірибе не дейді?

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шетелдік сарапшылардың пі­кі­рінше, ұлттық валюта баға­мы­на түзету енгізу кең тараған халық­аралық тәжірибе болып табылады. Тә­жірибе көрсеткендей, бұл ша­ра ел­дің валюта рыногындағы жағ­дай­ды тұрақтандыруға жағдай жасайды. Экономика саласындағы мамандар атап өткендей, өткен жы­лы Ресей рублі мен Беларусь руб­лі­нің америкалық долларға қатыс­ты тиісінше 7,5% және 11,1% ар­зан­дағаны байқалды. Бұл үдеріс үстіміздегі жылдың басында да жал­ғасты. Сөз жоқ, мұндай үрдістер ірі тауар айналымымен өзара бай­ланысты барлық елдердің, атап айтқанда, Кеден одағына қа­ты­сушы елдердің валюта рыноктарына ықпал етеді. Шикізат ресурстарына әлемдік бағалар өзгерісінің баяулығын да тағы бір ықпалды факторға қосуға болады. Сондықтан көптеген шетелдік сарапшылар қазақстандық теңге бағамына долларға қатысты түзе­ту енгізуді заңды және ел эконо­ми­касының дамуына оң әсер етеді деп бағалайды. Атап айтқанда, италиялық UniCredit және даниялық Saxo Bank сияқты Еуропаның ірі банктерінің сарапшылары мұндай шара мемлекет тұрғысынан неғұрлым тиім­ді және қисынды деп атап көр­сетеді. Ол, ең алдымен, отандық тауар өндірушілердің жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта бағамына түзету енгізу бірінші кезекте ауыл шаруа­шылығы саласына, сондай-ақ, акциялары халықаралық биржаларға шығарылған қазақстандық ком­панияларға оң әсер етеді. Бүтіндей алғанда, ол ішкі сұра­­нысты ұлғайтуға жағдай жа­сай­ды, ал, ол экономиканың одан әрі қарқынды дамуы үшін аса маңызды, өйткені, бүгін­де экс­портқа бағдарланған эконо­ми­ка­лық модельдің әлсіздігі мен тұрақ­сыздығын шетелдік тәжірибе көр­сетіп отыр. «Егемен-ақпарат».