Қазақстан • 02 Қараша, 2021

16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды. 

Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан, 6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50