Коронавирус • 02 Қараша, 2021

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды

«31.10.2021 жылы пневмонияның 7 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 25 адам емделіп шықты. 2020 жылғы 13 наурыздан бері барлығы: ауырғандар - 79 659, 5042 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 68 942-ге жетті», делінген хабарламада.

2 қарашадағы мәлімет бойынша, 45 777 адам коронавирус инфекциясынан (40 102 КВИ+ және 5 675 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 8 268 пациент стационарда,
  • 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 540 адамның жағдайы ауыр,
  • 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 110 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.Н