Аймақтар • 02 Қараша, 2021

Алматыда шетелдіктер адам өлтірді

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында шетелдіктер ауыл тұрғынын өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда шетелдіктер адам өлтірді

25 қазанда полицияға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінің жанынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қаза тапқан адам Жапек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны болып шықты», деп нақтылады облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Төрт күннен кейін полицейлер жұмысқа келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтарын ұстады.

«Ұсталғандар кісі өлтіргенін мойындады. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», деді ведомствода.