Әлем • 02 Қараша, 2021

Кабулда тағы жойқын жарылыс болды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тыныштық деген Ауғанстаннан алыстап кеткен бе дерсің. Кабулдағы ауруханада жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабулда тағы жойқын жарылыс болды

Лаңкестік шабуыл Денсаулық сақтау министрлігінің жанында орналасқан 400 орындық ауруханада болған. Бұдан соң әскери ауруханада жарылыс қайталанған.

Тамыз айында тәліптер ірі қалаларды басып алған соң 20 жыл бойы жалғасқан соғыстың аяқталғанын мәлімдеген. Тіпті қыркүйек айында жаңа үкімет те құрылған болатын.

Қалай болғанда да Ауғанстанның аспанын қауіптің қара бұлты торлап алғандай. Қазан айында Кабул мешітінің маңында болған жарылыстан 12 адам көз жұмып, 32 адам жараланған еді. Сол айда мешіттерде тағы екі рет жарылыс орын алған. Кандагар провинцияларында 42, Құндызда 120 адам мерт болғаны жайлы да ақпарат тараған. Алайда, сол оқиғаларға қатысты жауапкершілікті әлі күнге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.