Қоғам • 02 Қараша, 2021

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

«Ішкі істер министрлігі қауіпсіз көлік жүргізу үшін ауа райының әсерін, жауын-шашын кезінде жолдың дұрыс көрінбейтінін, сондай-ақ, жол сапасының өзгерісін ескеру маңызды екенін еске салады. Сондықтан жүргізушілерге ауа райы жағдайларын ескеру, жылдамдық пен автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтау, ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу маңызды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ІІМ автокөлік иелерінен ауа райының өзгерісін мұқият қадағалап, ауа райы мен жолдардың жабылуы туралы ақпарат пен арнайы хабарламаларды ескеруді сұрайды.