Қоғам • 02 Қараша, 2021

4 қараша күні ОПЕК + кезекті отырысы өтеді

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 4-қарашасында ОПЕК + кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қараша күні ОПЕК + кезекті отырысы өтеді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда әлемдік экономиканың қалпына келе бастағаны байқалып отыр және энергия ресурстарына деген сұраныс артып келеді. Сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне қол жеткізудің арқасында мұнай қорларын орташа бес жылдық деңгейге дейін төмендетуге, мұнай нарығын тұрақтандыруға қол жеткізілді.

«Қазақстан бұрын қабылданған шешімдерге сәйкес мұнай өндіруді кезең-кезеңімен ұлғайтуды жалғастыруға қатысты Келісімге қатысушы елдердің ұстанымын қолдайды. Бұл тәсіл мұнай нарығының өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен тұрақтылығын жеткілікті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, мұнай өндіруді ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге ұлғайту туралы шешім ОПЕК+ министрлік кездесуінде 2021 жылғы 18 шілдеде қабылданған болатын.