Саясат • 02 Қараша, 2021

Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары отставкаға өтініш берді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары – Экономика министрі Алексей Любченко отставкаға өтініш берді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің Жоғарғы Рададағы өкілі Тарас Мельничук мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары отставкаға өтініш берді

«Украина премьер-министрінің бірінші орынбасары - Экономика министрі Алексей Любченко Жоғарғы Раданың кеңсесіне қызметінен кетуді қабылдау туралы өтініш берді», деп жазды Мельничук Telegram-да. 

Жоғарғы Рада биылғы 20 мамырда ғана Любченконы Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Экономикалық даму, сауда және ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындаған еді.