Қазақстан • 03 Қараша, 2021

Қазақстанда 13 градусқа дейін аяз болады

591 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4-6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 13 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанға келіп жеткен суық солтүстік-батыс антициклоны көптеген облыстарда жауын-шашынның тоқтауына және температураның айтарлықтай төмендеуіне алып келді.

«Тек 4 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жауады, таулы аудандарда - қатты қар, желдің күшеюі, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде тұман күтіледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ауа температурасы батыста түнде 1-6 аяз, күндіз 0-5, оңтүстікте 3-8 аяз, күндіз 10, солтүстік-батыста 8-13-тен 0-10-ға дейін аяз, күндіз 5 аяз–6 жылу, солтүстікте 13-18-ден 0-10-ға дейін аяз, күндіз 0-8-ден 0-6-ға дейін, орталықта және еліміздің шығысында түнде 13-21-ден 5-13-ке дейін аяз, күндіз 2-13-тен 0-8-ге дейін аяз, солтүстік-шығыста 0-8 жылу, оңтүстік-шығыста түнде 5-13 аяз, күндіз 2-7 аяздан 0-5 жылуға дейін.