Елорда • 03 Қараша, 2021

Елордада карантин талаптары жеңілдеді

159 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова «Қаладағы шектеу және карантин шараларын жеңілдету туралы» жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада карантин талаптары жеңілдеді

Қаулыға сәйкес бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде өткізуге және оларға қатысуға, Ashyq жобасына қатысатын іс-шараларды өткізуді қоспағанда, митингілер, шерулер, жиындар ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынған.

Қызметіне тыйым салынған боулинг-орталықтарға, компьютер клубтарына, PlayStation клубтарына, бильярд, караоке, цирк, батут, түнгі клуб, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына баруға болмайды. Сондай-ақ жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына баруға рұқсат берілмеген.

Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерге кіру үшін Ashyq мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк) пайдалану қажет.

«Қоғамдық орындарға, оның ішінде қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде медициналық бетперде тағып, арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет», делінген қаулыда.

Сондай-ақ Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекіткен ережеге сәйкес, кәсіпорын, ұйым және кәсіпкерлік субъектілерінде коронавирусқа қарсы вакцина алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және кейінгі үш айда COVID-19 инфекциясымен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) қызметкерлердің жұмысқа шығуына шектеу қойылған.

Қаулы екінші қарашадан бастап күшіне енді.

Айта кетері, бұған дейін Алматының бас санитар дәрігерінің қалада карантин талаптарын жеңілдету туралы қаулысы шықты. Алайда дәрігерлер Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №47 қаулысын басшылыққа алуды ұйғарды.