Әлем • 03 Қараша, 2021

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны артты – ДДСҰ

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 50 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны артты – ДДСҰ

Сәрсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлім еткендей, инфекция жұқтырғандар саны жеті күнде 3%, ал қайтыс болғандар саны 8%-ға артты.

«Соңғы бір аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны оның алдындағы аптамен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Барлығы 3 млн астам жағдай тіркелді», делінген ДДСҰ эпидемиологиялық бюллетенінде.

Індетті жұқтырғандардың 60% Еуропа тұрғындары. Жеті күнде науқастар саны 6% артқан, Америкада – 3%, Батыс Тынық мұхиты елдерінде 2% өскен. Шығыс Жерорта теңізінде КВИ-ді жұқтыру айтарлық азайған (12%), Оңтүстік-Шығыс Азияда (9%) және Африкада (9%) да төмендеген. Індеттен қайтыс болғандардың ең көбі Оңтүстік-Шығыс Азияда тіркелді (50%).

Бюллетеньде келтірілген мәліметтерге сәйкес, 25-31 қазан аралығында әлемде 3 021 634 адам коронавирус жұқтырған және 50 477 адам қайтыс болған. Бір аптада ең көп ауру жұқтырған елдерге АҚШ (528 455), Ұлыбритания (285 028), Ресей (272 147), Түркия (182 027) және Украина (152 897) кіреді.