Оқиға • 03 Қараша, 2021

LRT ісі: ІІМ Ардан мен Сұлтанбековті іздестіру туралы айтты

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистердің «Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан мен елорданың бұрынғы әкімі Қанат Сұлтанбековті іздестіруге қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT ісі: ІІМ Ардан мен Сұлтанбековті іздестіру туралы айтты

«Қылмыстық істі біз де, Ішкі істер министрлігі де тергеп жатқан жоқ. Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Біз іздестіру шараларын халықаралық деңгейде жүргізіп жатырмыз», деді Тұрғымбаев.

Ол шетелге қашып кеткен адамдарды іздестіру оңай емес екенін айтты.

«Адам шетелде жүргенде елдегідей тәртіп жоқ. Жедел қызметкер ол жерге барып, ешқандай жедел-іздестіру шараларын жүргізе алмайды. Бұл күдікті жасырынған елмен жасалған келісімге және олардың құқық қорғау органдарының қылмыскерді ұстап беру туралы келісіміне байланысты. Сондықтан бұл мәселенің бәрін Бас прокуратура шешеді», деді ол.

Еске салайық, қазанның басында Нұр-Сұлтан соты LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, істі прокурорға қайтарған болатын.