Аймақтар • 03 Қараша, 2021

Риддерде 30 сібір шыршасын заңсыз қазып алғандар ұсталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риддер қаласында 30-дан астам сібір шыршасын заңсыз қазып алған төрт елордалық ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риддерде 30 сібір шыршасын заңсыз қазып алғандар ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддер қалалық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында Нұр-Сұлтан қаласының 4 тұрғынын ұстады. Олар 34 түп сібір шыршасын тамырымен заңсыз қазып алған.

Анықталғандай, елордалықтарды Риддер қаласының 53 жастағы тұрғыны шақырған. Ер адам оларға сібір шыршасын астанаға алып кету үшін көмек көрсетті.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай дәлелдемелер алынған. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері анықталуда»,  деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Күдіктілер 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.