21 Ақпан, 2014

Өзара мүдделестік танытылған кездесу

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20-02-02 Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Израильдің экс-Премьер-министрі Эхуд Ба­рак­пен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің бас­па­сөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қа­рым-қатынастар үнемі жоғары дең­гейде келе жатқанын және Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға әрдайым мүдделілік танытқанын айтты. Өз кезегінде Эхуд Барак ден­саулық сақтау, ауыл шаруа­шы­лығы, индустриялық-иннова­циялық даму салаларындағы ынты­мақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.