Ауа райы • 04 Қараша, 2021

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Синоптиктер 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Тек елдің оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында және тау бөктерінде қалың қар жауады.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз таулы асуларда жел жылдамдығы 30 м/с асуы мүмкін. Жамбыл облысының солтүстік шығысында, оңтүстік батысында және таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жел екпіні – 15-20, 23-28 м/с шамасында.

Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде жел қарқыны – 15-20 м/с. Күндіз 23 м/с дейін жетеді, облыс орталығында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысында желдің күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Жел қарқыны – 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.