Қазақстан • 04 Қараша, 2021

Қазақстанда электромобильдер шығарыла бастайды

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдан бастап елімізде электромобильдер өндірісі басталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда электромобильдер шығарыла бастайды

«Экологиялық таза көлік өндірісін дамыту мақсатында отандық кәсіпорындарда Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электроавтобустары мен Қостанай қаласында электромобиль өндірісі игерілді. Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап Hyundai Ioniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA EV6 өндірісі басталады», деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Ол Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында электромобильдер мен электравтобустардың инфрақұрылымын құру үшін 110 электр зарядтау станциясы орнатылғанын қоса айтты.

Электр тартқышы бар автомобильдерді сатып алуды ынталандыру мақсатында Қазақстанда электромобильдердің иелері көлік салығын төлеуден босатылды.