Әлемнің екінші ұстазы атанған тұлғаның құметіне қойылатын ескерткішке қатысты мәселе елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.
«2019 жылы Президент әкімшілігінен елордада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж. Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Өткен жылы пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінге шегерілді. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Ал Ж. Тәшенов пен Т. Бигелдиновке ескерткіш қоюға биыл қаржы бөлінді», деді Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.