Қазақстан • 04 Қараша, 2021

Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастығы туралы келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Ресей Федерациясының Көлік министрлігінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев РФ Көлік министрінің орынбасары Игорь Чаликпен кездесті.

Кездесу барысында азаматтық авиация, автомобиль көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, өткізу тіректерінің ағымдағы жұмысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясы Көлік министрлігі арасында екі елдің теңіз порттары арқылы мультимодальдық транзиттік бағыттарды дамыту жөнінде бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы талқыланды.

Бұдан басқа, елдер арасындағы әуе рейстері санын арттыру мүмкіндіктері қаралды.
Сондай-ақ, Ресейдің Simetra компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, қазақстандық делегация Ресейдің ірі қалаларының ұлттық моделімен және көлік модельдерімен танысты.