Елорда • 04 Қараша, 2021

Елордада зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 айдың ішінде елорда полиция бөлімшелеріне отбасылық күш көрсетуге қатысты 14 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым түскен

«Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Карантин шектеулері енгізілгеннен бастап тұрмыстық кикілжіңдер, атап айтсақ мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың саны артты. Биылғы жылдың 10 айында «102» арнасына отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 14 мыңнан астам шағым келіп түсті», делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабар таратқандай, жыл басынан бері отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты 3168 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

«Болған жайттардың 40%-ы денсаулыққа жеңіл зиян келтірген ұрып-соғу фактісіне қатысты. Ол бойынша 530-дан астам айыпты әкімшілік қамауға алынды. Осы орайда өткен жылдан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілгенін атап өткен жөн. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекет үшін қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұзартылды», деп хабарлады ведомство.

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50