Қазақстан • 04 Қараша, 2021

Авиациялық қауіпсіздіктің деңгейі жоғары

216 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары біздің елдегі авиациялық қауіпсіздікке осындай баға беріп отыр. Жүргізілген шолу нәтижелері бойынша TSA сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейі жоғары екенін атап өткен және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді.

Авиациялық қауіпсіздіктің деңгейі жоғары

Қазақстанның авиациялық билік орындарының шақыруы бойынша қазақстандық әуежайларды рейстерге қызмет көрсету қабілетін сер­ти­фи­каттау және Америка Құрама Штаттарына тікелей әуе маршру­тын ашу үшін CAT1 тағайындау жұ­мыс­тары басталды. TSA сарапшы­лары авиациялық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету жағдайын бағалау мақ­сатында Азаматтық авиация ко­мите­тінде, Қазақстанның авиация­лық әкімшілігінде, Нұр-Сұлтан және Ал­ма­­ты қалаларының әуежайларында болды.

TSA командасы авиациялық қа­уіп­сіздік саласындағы қолданыс­та­ғы нормативтік-құқықтық актілер мен сапаны бақылау іс-шаралары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келетінін атап өтті. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында жүргізілетін шаралар мен рәсімдер халықаралық талаптарға сай келеді. Ал кейбір аспектілер бойынша шаралар белгіленген стандарттардан да жоғары. Мысалы, әуежайдың пери­метрін күзету және қорғау, қол­жетімділігі күзетілетін аймақтарда кіру­ді бақылауды қамтамасыз ету, қауіп­сіздікті қамтамасыз ететін пер­со­налды іріктеу және біліктілігін арттыру, бортта тамақтану, жүкті және поштаны тексеру жөніндегі шараларды атап өтуге болады.

Сарапшылар киберқауіпсіздік, азаматтық авиацияны ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану ар­қылы заңсыз араласу актілерінен қорғау және жолаушыларды тексеру кезінде қолданылатын әуежай­лардағы тексеру жабдықтарын жаң­ғырту саласындағы шараларды ­же­тілдіру мүмкіндіктерін атап өтті. Жо­­­­­лау­шыларды үш өлшемді сканер­леу жабдығына (боди-сканерлер) бір­­тіндеп көшу және тексеру пунк­т-
­терінде жарылғыш заттардың заманауи детекторларын пайдалануды да жетілдіру керек.

Авиациялық персоналды және олардың заттарын тексеру рәсімдерін, рейстердің ұлғаюына байланысты тексеру пункттері мен бекеттерінің санына байланысты авиациялық қауіпсіздік қызметіндегі кадрларды жасақтау жөніндегі шараларды жақ­сарту бойынша ұсынымдар бе­рілді. Сонымен қатар Қазақстан әуе­жайларының ішінде ең үздік болып саналатын Алматы әуежайында кинология бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар атап өтілді.

«Сарапшылар Азаматтық авиа­ция комитетінің, Авиациялық реттеу­ші мен әуежайлардың үйлесімді жұ­мысын бағалады, аудиторлар ал­дын­дағы ашықтықты атап өтті. TSA командасы біздің мамандармен авиа­циялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша озық тәжірибемен алмасу бойынша кеңестер өткізіп, туын­даған мәселелерге түсініктеме бер­ді. Қазақстанның авиациялық әкім­шілігі мен АҚШ-тың Көлік қа­уіп­сіздігі әкімшілігі арасындағы ын­ты­мақтастықты АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылданды», деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.