2021 жылдың 9 айында тасымалданған жолаушылар саны 81% артып, 6,9 млн адамға жетті.
Әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70% артып, 12,6 млн адам болды.
Бүгінгі таңда ішкі рейстер толықтай қалпына келтірілді (аптасына 57 бағытта 744 рейс).
Сондай-ақ 23 мемлекетпен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзірбайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд) арадағы халықаралық рейстер қайта ашылды.
Орташа есеппен алғанда ішкі бағыттарда күніне 106 рейс, халықаралық бағыттар бойынша 35 рейс орындалады.