Экономика • 05 Қараша, 2021

Елімізде 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі

765 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі

«Мұнай-газ химиялық кешенін дамыту» бағыты шеңберінде шикізаттық емес экспортты ұлғайту және ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиялық өндірісі іске қосылады. 

«2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі», деді ол орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте.

Оның сөзінше, нәтижесінде мұнай-газ химиялық өнімін өндіру көлемі 140 мыңнан 2 млн тоннаға дейін артып, мұнай-газ химия өнімі импортының үлесі 87%-дан 72%-ға азаяды.

«Бұл ретте дайын мұнай-газ өнімдерінің экспорты 9 есе 1,4 млрд АҚШ долларына артады», деді Әсет Ерғалиев.