Ауыр атлетика • 05 Қараша, 2021

Чиншанло мен Сон ел чемпионатына қатыспайтын болды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чиншанло мен Сон ел чемпионатына қатыспайтын болды

Ұлттық құраманың көшбасшысы атануға үмітті спортшылардың басым көпшілігі сынға түсетін ішкі чемпионатқа Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон қатыспайды.

Бапкерлер штабы ақылдаса келе аталған Олимпиада ойындарынан кейін аттары аталған спортшыларға демалыс бергенді жөн көрген.

Ел чемпионатының қорытындысы ұлттық құраманы жасақтағанда ескеріледі. Сондай-ақ осы жарыс кезінде ұлттық құраманың жаңа бас бапкері таныстырылады деп жоспарлануда.