Қазақстан Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Италия Республикасына барды. Сапар аясында ол Италия Парламенті Сенатының төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казелаттимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланысты нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ екі елдің экономика, сауда, туризм, мәдениет және тағы басқа бағыттар бойынша ынтымақтастығын арттыруға ықпал етуде депутаттардың белсенді жұмысы маңызды екені сөз болды.
Мәулен Әшімбаев сенаторлардың еліміздегі бизнес-ахуалды жақсартуға арналған заңнамалық жұмысына тоқталып өтті. Осыған орай ол өңіраралық ынтымақтастық арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуді және бұл жұмысқа сенаторларды жұмылдыруды ұсынды.
«Өңіраралық ынтымақтастық арқылы Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстарының әлеуетін арттыруға мүмкіндік бар. Қазақстан мен Италия Сенаттарындағы депутаттық құрамның өңірлік өкілдік сипатын ескере отырып, парламентшілердің білімі мен тәжірибесін екі елдің өңірлері арасында байланыс орнатуға жұмылдыруға болады деп есептейміз. Атап айтқанда, парламенттік делегациялардың сапарлары кезінде өңірлермен танысу және басқа да іс-шаралар қызығушылық тудыруы мүмкін», деді Мәулен Әшімбаев.
Сұхбат кезінде жасыл экономиканы дамыту және осы бағыттағы заң шығару тәжірибесімен алмасу мәселесі де сөз болды.
«Жасыл экономиканы дамыту Қазақстан үшін Мемлекет басшысы белгілеп берген басымдықтардың бірі. Бұл мәселе бойынша да біздің бірлесіп жұмыс істеуімізге зор мүмкіндік бар. Сондықтан энергиялық тұрғыдан тиімді, табиғи таза технологияларды енгізу ісінде италиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатамыз деп үміттенеміз. Осы орайда қоршаған ортаны қорғауға және «жасыл» технологияны енгізуге қатысты құқықтық базаны жетілдіру мәселесінде Қазақстан мен Италия Парламенттері Сенаттарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік мол», деді Мәулен Әшімбаев.
Өз кезегінде Мария Элизабетта Альберти-Казелатти елдеріміз арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі туралы айтты. Оның айтуынша, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін парламентшілерді белсенді жұмылдырудың маңызы зор.
Одан бөлек, сұхбаттасушылар Қазақстан мен Италия Сенаттары арасында тұрақты диалогты жалғастыру екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды тетігі екенін айтты. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев екі елдің Палаталары арасында тұрақты жұмыс істейтін консультация тетігін құру мәселесін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Италия Парламентіндегі «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобының өкілдерімен кездесті.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар