Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы мен Ақтөбе облысының прокуратурасы із-түзсіз жоғалған және сот тарапынан өлді деп танылған азаматтарға қатысты қылмыстық істерге мониторинг жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, мониторинг барысында заң бұзу фактісі анықталған. Мәселен, Мұғалжар аудандық соты 2010 жылдың желтоқсан айында 60 жастағы жергілікті тұрғынды өлгендер қатарына қосыпты. Алайда, өткен жылы Астана қаласындағы полицейлер осы азаматқа жол ережесін бұзғаны үшін хаттама толтырған. Сондай-ақ, тексеру барысында оның атына ай сайын зейнетақы салымдары мен сақтандыру төлемдерінің аударылғаны мәлім болды. Данияр ТҮЙМЕБАЙ.