Оқиға • 06 Қараша, 2021

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: 7 адам зардап шекті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты: 7 адам зардап шекті

Жол апаты бүгін сағат 12:36-да Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында болды.

«ЮОТОНГ» маркалы автобустың А. есімді жүргізушісі Төле би көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Абылай хан даңғылымен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, Абылай хан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта қозғалған

«YUONG MAN» маркалы троллейбуспен соқтығысуға жол берді. Жол апаты салдарынан троллейбустағы үш жолаушы, автобустағы екі жолаушы және екі жүргізуші де зардап шекті. 1966 жылы туған троллейбус жүргізушісі мен 1986 жылы туған автобус жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», деді Алматы қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024