Алматы облысында өкпесі 90% қабынған әйел 47 күн жансақтау бөлімінде жатқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының Іле ауданында өкпесі толық зақымданған жүкті әйел қазір сауығып шыққан. Емдеу экстракорпоралды мембраналық оксигенацияны қолдану арқылы өтті. Өкпесі 90% зақымданған жүкті әйел COVID-19 диагнозымен Іле аудандық орталық ауруханасына түскен. Аурухана директоры Бауыржан Ысқақ әйелдің өмірін ЭКМО аппаратының көмегімен аман алып қалғанын айтты.
«9 тамызда 38-39 апта жүктілік мерзімі бар 27 жастағы әйел өте ауыр халде түсті. Оған шұғыл операция жасап, бала аман-есен туылды. Бірақ әйелдің жағдайы нашарлады, қанды оттегімен байыту үшін науқасты ЭКМО аппаратына қосуға тура келді. 31 күннен кейін әйел өз бетінше дем ала алды», деді аурухана басшысы.
Төрт баланың анасы Баянсұлу Амангелдиева жансақтау бөлімінің медицина қызметкерлерінің көмегімен қайтадан өз бетінше дем алып, қозғалатын халге жеткен.
«Мен 47 күн реанимацияда жаттым. Сол кездегі бар арманым балаларымды қайтадан көру болды. Ауырмай тұрып қоғамдық орында жүргенде бетперде кимейтінмін, ол кезде бетпердемен ауа жетпейтін сияқты көрінген еді. Індет жұқтырып, дем жетпей, тынысым тарылған кезде, сақтық шараларын сақтамағаныма өкіндім. Өзімнің бейқамдығым салдарынан ауруханаға түсіп, туыстарым мен дәрігерлерді әуре-сарсаңға салдым. Бүгінде құлан-таза айығып, отбасыма оралдым. Барын салып, мені емдеп шыққан ақ халаттыларға алғысым шексіз», дейді ол.
Айта кетейік, науқас ауруханада 58 күн бойы ем алған. Оның 47 күнін реанимацияда өткізген. Одан бөлек, Іле ауданындық ауруханасының дәрігерлері өкпесі 80% қабынған 5 жүкті әйелді індеттен аман алып шыққан.
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар