Оқиға • 06 Қараша, 2021

Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жоғалып кеткен 4 балықшыны тікұшақпен іздеп жатыр

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Амангелді» және «СефКаспийфиш» ЖШС-нің 4 балықшысы 3 қарашада жоғалған. Олар балық аулауға шығып, қайта оралмаған.

«Жоғалған балықшыларды іздеу бүгін, 6 қараша күні басталды. Оған «МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақ Атырау қаласынан сағат 09:58​-де ұшып шықты. Бортта экипаждың 3 мүшесі, төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен «Амангелді» ЖШС-нің 1 маманы бар. ​Аэровизуалды іздестіру жұмыстары 270 шақырым қашықтықта, яғни Каспий теңізінің Исатай, Құрманғазы аудандары аумағындағы жағалауда жүргізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған балықшылар әлі табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35