
Шаршы алаңға жұлқынып шыққан Сәкен Бибосынов АҚШ боксшысы Роско Хиллмен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы өзіне тән мәнерде қимылдаған Сәкен қарсыласына соққыларын дөп тигізіп, ұлттық құрама қоржынына екінші алтын жүлдені түсірді. Оған дейін 48 кило салмақ дәрежесіндегі саңлағымыз Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанған болатын.