Коронавирус • 07 Қараша, 2021

Қазақстанда бір тәулікте вакцинаның ІІ дозасын 15,5 мың адам алды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 403 514 адам егілді, II компонентті 7 666 718 адам салдырды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда бір тәулікте вакцинаның ІІ дозасын 15,5 мың адам алды

Коронавирусқа қарсы толық егілгендер бойынша алдыңғы қатарда тұрған өңірлер:

  • Алматы қаласы – 951 061 (6 қарашадағы мәлімет - 950 092);
  • Түркістан облысы – 922 989 (918 953);
  •  Шығыс Қазақстан облысы – 817 374 (814 084);
  • Алматы облысы – 746 057 (745 065);
  • Шымкент қаласы – 521 674 (521 221);
  • Қарағанды облысы – 512 058 (511 292).