Оқиға • 07 Қараша, 2021

«Абай» шахтасындағы жарылыс: 2 кенші тірі табылды

459 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Абай» шахтасындағы жарылыстан кейін құтқару жұмыстары кезінде екі кенші тірі табылды, деп жазады Egemen.kz.

«Абай» шахтасындағы жарылыс: 2 кенші тірі табылды

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында көмір мен газ жарылысы болды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, бұл кезде жер астында 64 адам болған. Қазір 52 адам жер бетіне шығарылды.

«Алдын ала ақпарат бойынша 6 адам қаза тапты. 2 адамның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта ВАСС Көмір күштері құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті жәрдем көрсетіледі», деп жазды Ж.Қасымбек.

Жұмыс барысында сағат 09:50-де кенжардың бергі жағында екі шахтёр тірі табылды, ал сағат 10:05-те қалған 6 кеншінің денелері табылды. Шахтаның қалған қызметкерлері зардап шеккен жоқ.