Коронавирус • 08 Қараша, 2021

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өтті

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысы «жасыл» аймаққа өтті

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды облысы.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.