Елорда • 08 Қараша, 2021

Мейірім мерекесі

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің ұйымдас­тыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ерек­ше білім беруді қажет ете­тін балаларға арналған NewАрт фестивалі өтті.

Мейірім мерекесі

Жобаның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті шығар­машылық кеңістік құру және олардың шығармашылық әлеуе­тін ашу. Сондай-ақ таланттарын дамытуға әрі инклюзивті қоғамда тәуелсіз өмірге дайын­дауға ықпал ету.

Аталған февтиваль 3 күнге созылды. Алдымен елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі Бәйтерек монументінде ерекше білім беруді қажет ететін 40-қа жуық балаға арналған сурет және қолөнер көрмесі ашыл­ды. Одан кейін іс-шара Оқушылар сарайында «Өзіңді жырлаймыз, туған ел» атты музы­калық-поэтикалық марафонмен жалғасты. Сонымен қатар фес­тиваль шеңберінде Tumar сәндік-қолданбалы өнер орталығында балаларды сәндік-қолданбалы және қолөнерге оқыту шеберлік сағаттары өтті.

Фестивальға Ақмола облысы, Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан 70-тен ас­там балдырған қатысты. Оған қоса Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, суретші-дизай­нерлер мен өнертанушы, қол­өнершілер балаларды қол­дауға келді.

Фестивальдың жабылу салтанаты Red Bus туристік автобусымен Нұр-Сұлтан қаласына экскурсия жүргізумен және Бәйтерек монументінде естелік суреттерге түсумен аяқталды.

1