Кәсіпқой бокс • 08 Қараша, 2021

Альварес Головкинмен амалсыз кездеседі

4082 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы атанған мексикалық Сауль Альварес америкалық Калеб Плантты жеңгеннен кейін Геннадий Головкинмен үшінші мәрте жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Альварес Головкинмен амалсыз кездеседі

Альваресте қазір санаулы ғана нұсқа бар. Біріншісі, екінші орта салмақ дәрежесінде қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші шайқасқа шығу. Екіншісі, жартылай ауыр салмақа көтеріліп, чемпиондар Артур Бетербиев, Дмитрий Бивол сияқты мықтылармен жұдырықтасу. Үшіншісі, Давид Бенавидеспен қолғап түйістіру.

Біздіңше, Альварес дәл қазір жартылай ауыр салмаққа көтерілмейді, Бенавидесті де күтпейді. Мүмкіндігінше Головкинмен үшінші жекпе-жекті өткізуге тырысады. Ол үшін Гена келесі салмаққа өтуі керек. Альварес  те, Головкин де трилогия ең табысты шайқас екенін біледі. Қаржылық жағынан бұдан асқан тиімді шайқас та жоқ. Сондықтан да екеуі келісімге келуі керек. Оған күмән жоқ.